Глоссарий

Агрегаттау- жеке  бөлек көрсеткіштерді  бір бүтін  көрсеткішке  біріктіру.

Акциздер – тауар мен  қызмет көрсетулер  бағаларына қосылатын салықтар. Акциялар- акционерлік  қоғам  капиталының бөлігін иеленуі куәләндіретін  және дивидент  түрінде  пайданың  бөлігін алуға  құқық беретін  құнды қағаздар.

Амортизациялық- аударулар – негізгі капиталдың  тозуы мен ескіруінің  қаржылық көрінісі.

Антиинфляциялық реттеу- инфляциямен күресудің  екі негізгі  әдісін қамтиді: бюджеттік тапшылықты  қысқарту  және  бағалар мен табыстарды реттеу.                                                                       

Ақша базасы – қолма-қол ақшадан тұратын ( Мо агрегаты және коммерциялық банктердің  міндетті  резервтері ), Қазақстанда  қолданылатын  көрсеткіш .

Ақша массасы - әр келесі агрегат  алдынғыларды өзіне  қосатын ақша  агрегаттардың  жиынтығы. Ең кең таралған сызбасы келесі: Мо (қолма-қол ақша), М1  (Мо плюс есеп  және ағымдағы  банктік шарттардағы  қаражаттар)  М2(М1 плюс банктердегі  мерзімдік салымдар ),М3 ( М2 плюс мемлекеттік құнды қағаздар )

Ақша жүйесі – елдегі  ақша айналымын  ұйымдастыру  нысаны, яғни қолма-қол  және қолма –қолсыз  түрінде ақшаның  қозғалысы . Ол келесі элементтерден  тұрады: ақша бірлігін, бағалар  масштабы , елдегі ақша түрлері , ақша эмиссиясы мен айналымының  тәртібі және  ақша айналымын реттейтін мемлекеттік  аппарат.

Ақша-несиелік саясат- экономиканы  реттеуге бағытталған ақша  айналымы  мен несие  саласындағы іс шаралардың   жиындығы .

Ақша нарығы – есеп, банкаралық және  валюталық  нарықтардан  тұрат  қысқа мерзімді  несиелік  операциялар  нарығы.

Ақша – құн өлшемі, айналым  құралы ,  байлық қалыптастыру  құралы, төлем құралы  қызметін атқаратын ерекше тауар.

Банктер – салым түрінде  алып отыратын  ақша қаражаттары  есебінен  кәсіборындарды  несиелендіру  бойынша  универсалды операцияларды  жүзеге асыратын  ұйымдар .

Бағалар индекісі-  уақыттағы бағаларды өзара  қатынасын сипаттайтын  қатынастық көрсеткіш.

Бағалық дискреминация - әр түрлі  сатыпалушылар  тобы үшін  бір түрлі  өнімге әр түрлі  баға белгілеу.

Бағалы қағаздар нарығы – ( қор нарығы) – акциялар,  облигациялар , депозиттік  сертификаттар, қазыналық міндеттемелер мен  басқада  сол сияқты  құжаттардың айналысы арқылы  қаржылық  ресурстарға  деген ұзақ  мерзімді  қажеттілікті қанағаттандыратын  нарық.

Валюта – белгілі бір  ұлттық ақша бірлігінде  көрсетілген  және  халықаралық есеп айрысуларда  қолданылатын кез келген төлем құжаттары немесе ақша міндеттемелері.

Валюталық  катировка- ұлттық ақша бірлігінің  бағамын  шетелдік ақша бірлігінде бекіту.

Валюталық жүйе- ішкі ақша – несиелік  қатынастарды және халықаралық есеп айрысулар саласын қамтитын,  ұлттық экономикалар негізінде  қалыптасатын және халықаралық  экономикалық  қатынастарды   дүниежүзілік  валюталық  жүйеге  айналдыратын  ақша қатынастарын  ұйымдастырудың  нысаны.

Валюталық бағам- екі ақша бірліктерінің айырбас өзара  қатынасы  немесе  бір елдің  ақша бірлігінде  көрсетілген екінші  елдің ақша  бірлігінің  құны.

Дивидент – акционерлік  қоғамның  баланысында  көрсетілген пайдаға  байланысты акциялар  бойынша  төлемдер көлемі.

Еңбек биржасы – жұмыс күші  нарығында азаматтарды  жұмыспен қамту  бойынша  мамандандырылған  қызмет  көрсететін мекеме.

Еңбек нарығын мемлекет тарапынан реттеу – жұмыссыздықты  төмендетуге,  жұмыс орындарын  қалыптастыруға, кадырларды дайындауға  бағытталған мемлекеттің  іс шаралары.

Есептік саясат-  комерциялық  банктердің  несиелік  операцияларына  ықпал ету  мақсатында  орталық банктің  оларға беретін несиенің пайыз мөлшерлемесін өзгерту.

Жұмыссыздық – жұмысшы  күшінің (экономикалық  белсенді  халықтың ) бір бөлігі  қоғамдық өндірісте  жұмыспен  қамтылмаған  кездегі  әлеуметтік экономикалық құбылыс.

Жиынды ішкі өнім (ЖІӨ)- берілген ел теритториясында  орналасқан  кәсіборындардың  ұлттық белгілеріне  байланыссыз ел экономикасының  барлық салаларындағы   бүкіл тауарлар мен  қызмет  көрсетулердің  қосымша құны.

Жиынды табыс-  бағалардың  өнім көлеміне көбейтіндісі .

Жиынды ұлттық өнім (ЖҰӨ)- ұлттық кәсіборындардың  территориялық орналасуына байланыссыз  ұлттық экономиканың  барлық салаларындағы  бүкіл тауарлар мен қызмет  көрсетулердің  қосымша құны.

Жанама салықтар – тауарлар мен қызмет  көрсетулер  салынатын салық .

Жалпы экономикалық  тепе- теңдік-  барлық экономикалық  жүйенің  және  барлық нарықтардың сәйкестігі ( өз ара сәйкес дамуы )

Жинақ қаражат -  тұтынуға жұмсалмайтын  табыс бөлігі.

Жиынды ұсыныс- қалыптасқан бағалар  денгейіне сәйкес  өндірілуі  және ұсынылуы мүмкін  тауарлар мен  қызмет көрсетулердің жалпы көлемі.

Жиынды сұраныс -  берілген бағалар денгейі кезінде  қалыптасуы мүмкін тауарлар мен қызмет  көрсетулерге  жалпы сұраныс.

Инвестиция – шаруашылық  өмірге бағытталатын жақтар капитал салымы.

Инвестициялық тәуекел- инвестициялық  ахуалды  қалыптастыратын элементтер.

Инвестор – инвестицияны  жүзеге асыратын  заңды немесе жеке тұлға.

Индивидуалды табысқа салық- жеке тұлғалардың табысына салынатын салық.

Инфляция – жалпы бағалар өсімінен  көрінетін ақшаның  құнсыздануы процесі, олардың төлем қаблеттілігінің төмендеуі.

Инфляция көрсеткіштері – бағалар индекісі.

Капитал – кәсіпкерлік  қызметте пайданылатын  материялдық, ақша және интеллектуалды қаражаттар  сомасы түріндегі  экономикалық ресурс.

Капитал салымдары-  негізгі  капиталдың   ұдайы өндірісіне инвестициялар.

Күрделі құрылыс – күрделі салымдарды  жүзеге асыру және негізгі қорларды іске қосу .

Кейнсшілдік – Дж. М. Кейнстің  жасақтаған, тиімді сұраныс  тиориясы  деп аталатын  экономикалық теорияның  бір бағыты . Оның мағынасы  мынада: сұранысты  ынталандыру арқылы  өндіріспен тауар ұсынысына  ықпал етуге  болады,  жұыссыздықты  қысқартуға болады. Кейнс экономикаға  мемлекеттің араласуы  қажеттілігін  дәлелдеген.

Классикалық теория – А. Смит пен Д.Рикардо  ағылшын ғалымдары бастап экономикалық  ілімнің  өкілдері  бірігіп  жасақтаған теория .Олар  бағалар мен табыстарды  сонғы қайнар көзі ретінде  өндіріс  процесіндегі еңбек  шығындарын белгілеген.

Кросс- бағам- бреуде  бағамды  белгілейтін  келісім  қатысушыларының  ұлттық валютасы болып табылмайтын   екі шетелдік валюталардың   котировкасы.

Қосымша құн – берілген кәсіборынның  өндіріс процесінде  жасалынған және шығарылатын  нақты  өнімнің құнын  жасауда  кәсіборынның  үлесін  бейнелейтін құн.

Лоренц қисығы – табыстардың нақты  бөлістірілуін  көрсететін  график.Табыстың абсалютті тең бөлістірілу  сызығы мен  табыстың нақты бөлістірілу сызығы  арасындағы аудан  табыстар  теңсіздігінің  дәрежесін көрсетеді.

Макроэкономика – шаруашылықты  бір бүтін  ретінде  зерттейтін  экономикалық  ғылымның  бөлімі.

Монетаризм – Кейнсшілдікке  белгілі бір  дәрежеде  баламалы  экономиканы  макрореттеудің  теориясы . Монетариттер   жұмыспен қамтылуы мен экономиканы  тұрақтандыруда  ақша- несиелік  әдісті ең негізгі орынға қояды.

Мультипликатор (инвестициялық)- табыс өсімі мен оны                инвестиция көлемінің өсімі  арасындағы  өзара қатынасты  көрсететін  коффициент.

Мемлекеттік  зайымдар-  мемлекеттік бюджет  тапшылығын  жабу үшін  мемлекеттік  бағалы қағаздарды  сату, бюджеттен тыс  қорлар мен  банктердент  зайым алу.

Мемлекеттік қаржылар- мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс  қорлардың  жиындығы.

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттік шығындар мен  оларды  қаржыландыру  көздерінің  жылдық жоспары.

Мемлекеттік несие- кредиторлар  мен несие алушылар ретінде  мемлекет және  жергілікті  басқару органдары  болатын  несиелік  қатынастардың жиынтығы.

Номиналды еңбек ақы- белгілі бір уақыт  аралығында (апта, ай, жыл, және т.б.)жалдама жұмысшының ақша сомасы.

Номиналды табыстар- белгілі бір уақыт  аралығында  жеке азаматтардың немесе жанұяның  алған ақша  табыстарының  сомасы; бағалар өзгерісін ескермейді. 

Нақты пайыз мөлшерлемесі – инфляция  ескеріліп  есептелінген  пайыз мөлшерлемесі: инфляциядан тазартылған номиналы  табысқа тең.

Номиналды табыстар- өзінің номиналды табыстарына белгілі бір уақыт  аралығында  жеке азамат немесе жанұя сатып алалатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің көлемі.

Нақты сектор – ең алдымен  өнеркәсіп ауыл  шаруашылық, құрылыс және көлік.

Нарық – тауар айырбас қатынастарының  жиынтығы: сатушы мен сатыпалушының өзара әрекеттесуінің  механизмі: ел іші мен елдер арасындағы  айырбас саласы.

Нарықтық инфрақұрылым- жеке нарықтарда  шаруашылық  байланыстарды қалыптастыру  мен қызмет етуінің  механизмі: мысалы, тауар және  қор биржалары,  коммерциялық банктер және т.б.

Нарықтық бәсекелстік – тиімділікті  жоғарлату немесе мемлекеттік қолдау есебінен  өніммен  қызмет  көрсету  нарығының сегментін тұрақты ұстап қалу .

Облигациялар- (табыстық,  артықшылығы бар , жинақ) әдетте үлкен партиялармен  шығарылатын қарыз міндеттемелері.

Пайда – кең мағынада  алынған түсім мен көтерген  шығындар  арасындағы  айырмасы: тар мағынада- нақты капиталдан түскен табыс.

Прогрессивті салық салу – салық базасы өскен сайын салық  ставкасын  жоғарлату  кезіндегі  салық салу әдісі.

Табыс дифференциясы –бір адам басына  табыс денгейінің  айырмашылығы .

Тұтыну бағалар индексі- өндірістік емес тұтыну үшін халықтың  сатып алатын тауарлар мен қызмет  көрсетулердің  жалпы денгейінің  уақыт бойы өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

Табыстарды индекстеу-  инфляция  денгейіне байланысты  номиналды табыстарды (еңбек ақы, әлеуметтік төлемдер) жоғарлату.

Төлем балансы- белгілі бір уақыт аралығында  елдің сыртқы экономикалық байланыстарының жағдайы туралы статистикалық есеп.

Табыстар саясаты- дифференцияланған салық салу жолымен мемлекеттік бюджет  арқылы  халық табыстарын  қайта бөлістіруге  бағытталған  мемлекеттік саясат.

Тұтыну себебі- минималды жеткілікті  калориялықты бір жылда  қамтамасыз  ететін азық-түлік жиыны.

Табиғи ресурстар- жер мен жер қойнауы, өсімдік және жануарлар әлемі орман және су ресурстары, ауа бассейіні және климат.

Тікелей салықтар- салық төлеушінің табысына  немесе мүлігіне  салынатын салық.

Тепе –теңдік баға- жиынды сұраныс қисығы  жиынды ұсыныс  қисығын  қиятын  жеріндегі бағалар денгейі.

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ)  жиынды ішкі өнімнен амортизациялық аударуларды  шегеріп  тастағанға тең.

Ұсыныс- белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір  баға бойынша  өндірушінің  сатуға дайын  тауарлар саны.

Ұлттық табыс- бір жылда елде жаңадан жасалынған құн.